Мемлекеттік органның қызметі туралы жалпы ақпарат

  1. Әкімнің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді әкім аппараты жүзеге асырады.
  2. Кішкенекөл ауылдық округі әкімінің аппаратын аудан әкімдігі құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.
  3. Әкім өкілеттігінің тоқтатылуына, жаңа әкімнің тағайындалуына байланысты әкім аппаратының мемлекеттік қызметшілері қызметінің мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
  4. Ауылдық округ әкімінің аппараты туралы ережені аудан әкімдігі бекітеді.
  5. Ауылдық округ әкімінің аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
  6. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды облыстық мәслихат бекіткен әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасы шеңберінде облыс әкімдігі құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.
  7. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың құзыреті мен қызметін ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарын сақтай отырып, облыс әкімдігі айқындайды.

Мақаланы құрған күні 20.11.2020 11:54

Мақаланы жаңартқан күні 20.11.2020 11:54

Послание президента РКПремьер Электронное правительствоӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области