Нормативтік-құқықтық актілер

  1. Ауылдық округ әкімі нормативтік-құқықтық сипаттағы шешімдер және әкімшілік-өкімдік, жедел және жеке сипаттағы мәселелер бойынша өкімдер шығарады.
  2. Өз құзыреті шегінде қабылданған ауылдық округ әкімінің актілері ауылдық округтің барлық аумағында міндетті күшке ие.
  3. Ауылдық округ әкімі актілерінің қолданылуын аудан прокуроры тоқтата тұруы мүмкін.
  4. Ауылдық округ әкімінің азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілері міндетті түрде ресми жариялануға тиіс.
  5. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты жалпыға міндетті маңызы бар ауылдық округ әкімінің актілері заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдарының мемлекеттік тіркеуіне жатады.
  6. Жоғары тұрған әкімдік немесе ауылдық округ әкімінің өзі, сондай-ақ сот шешімі ауылдық округ әкімі актілерінің қолданылуын жоюы не толық немесе ішінара тоқтата тұруы мүмкін.

Мақаланы құрған күні 20.11.2020 11:56

Мақаланы жаңартқан күні 20.11.2020 11:56

Послание президента РКПремьер Электронное правительствоӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области